Атырау, 29 қараша 02:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау облысы сұйытылған газдың қосымша көлемін ала бастады - Энергетика министрлігі

1 028 просмотра

Батыс Қазақстан өңірлерінде автогаз құю станциялары ҚР Энергетика министрлігі бөлген сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін ала бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі көршілес өңірлердің өндірушілерінен Батыс Қазақстанның өңірлерін (БҚО және Атырау облысы) газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газының (СМГ) қосымша көлемін бөлу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Атырау облысына қараша айына «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Gas Processing Company» ЖШС және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қосымша 2 108 тонна бөлді, оның ішінде 16 қарашадағы жағдай бойынша 521 тонна жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысына қараша айында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан қосымша 504 тонна бөлінді.

«Жайықмұнай» ЖШС-мен (Орал қаласында орналасқан) күн сайын айырбастау негізінде кемінде 60 тонна СМГ тиеп-жөнелте отырып, қосымша 400 тонна бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, олар Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) толық жұмыс режиміне шыққаннан кейін өтелетін болады.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС-мен БҚО мен Атырау облысына 1 600 тоннадан қосымша СМГ көлемін бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бүгінгі таңда СМГ-ны өткізуші субъектілер ҚР Энергетика министрлігі бөлген газ көлеміне жоғарыда аталған зауыттармен келісімшарт жасасуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес АМӨЗ зауытта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7-14 қараша аралығында СМГ-ны сақтау паркіне айдауды тоқтатты.

АМӨЗ толық жұмыс режиміне 28 қарашада шығады деп күтілуде, алайда 23 қарашадан бастап қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу бойынша қабылданған шаралар тәулігіне 600 тонна өндіруге мүмкіндік береді, олар да СМГ-ның жетіспеушілігін болдырмауға бағытталатын болады.

16 қараша 2022, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.