Атырау, 13 қараша 04:26
 дождьВ Атырау +3.3
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Атырауда заңсыз жүрген Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

1 491 рет қаралды

Олардың бәрі «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұсталып, Атырау қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ҚР аумағынан шығарылды. 

- Өзбекстан Республикасының консулдық қызметінің күшімен олар «Өз еліне қайтару куәлігін» алып, шекараға дейін арнайы ұйымдастырылған автобуспен жеткізілді, - деді Атырау облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әділжан ЖАНШИН. - Анықталғандай, шетелдік келімсектер Атырау қаласына 2008 жылы ешқандай құжаттарсыз келіп, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар қатарына қосылып, қайыршылықпен айналысқан.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД ұсынған сурет

17 қараша 2022, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.