Атырау, 24 қараша 06:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лавров келіссөзге қатысты хабарламаны қауесет деп атады

990 просмотра

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Украина бойынша келіссөзге дайындалып жатқаны туралы хабарламаны қауесет деп атады, деп хабарлайды Sputnik.

"Америкалықтар қандай да бір келіссөз дайындап жатыр деген ақпаратқа келер болсақ, мұндай қауесет үнемі пайда болады және жоғалып кетеді. Бұған мән бермеуге үйрендік", - деді ол G20 саммитіндегі баспасөз конференциясы кезінде.

Бұған дейін Politico АҚШ әкімшілігінің белгісіз өкілдеріне сілтеме жасай отырып, америкалық Мемлекеттік департамент Украина мен Ресей арасындағы ықтимал бейбіт келіссөздер үшін құпия түрде негіз дайындап жатқанын хабарлады. Бірақ Вашингтонда бұл мәселеге қатысты біртұтас көзқарас жоқ екенін жазған.

Еске салсақ, 15-16 қарашада Индонезияның Бали аралында G20 саммиті өтіп жатыр.

16 қараша 2022, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.