Атырау, 26 сәуір 14:06
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болуға өтініш берді

619 просмотра
Сурет: Instagram/realdonaldtrump

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кандидатурасын ұсынуға өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты Федералдық сайлау комиссиясы жариялады, деп жазды РИА Новости. Демек, Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді.

8 қарашада саясаткер "маңызды хабарландыру" айтатынын, оны 15 қарашада Флоридадағы резиденциясында жариялайтынын мәлімдеген еді.

Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 45-президенті болды. Ол бұл қызметті 2017 жылғы 20 қаңтардан 2021 жылғы 20 қаңтарға дейін атқарды.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылғы қарашада өтеді.

16 қараша 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.