Атырау, 29 қараша 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда «жеке сектордағы» үйлерге улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда

Сурет
1 208 просмотра

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ғабит БАБАЕВ мәлім етті.

- Жылыту маусымы басталғалы, өкінішке орай, қаламызда табиғи газбен улану дерегі тіркеліп келеді. Мысалы, бір ай бұрын бір отбасынан 6 адам уланып, егде жастағы әйел қаза тапты. Осындай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін біздің басқарма және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының қызметкерлері бірлесіп қауіпсіздік шараларын алуда, - деді Ғ.Бабаев.

Оның айтуынша, Атырауда әлеуметтің осал тобына жататын азаматтар тұрып жатқан 1500-ге жуық үй есепке алынған. Бүгінге дейін оларға 50 құрылғы орнатылған. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау филиалының өкілі Орынтай ТІЛЕПБЕРГЕНОВА тұрғындарға жылыту қазандықтарындағы ақауларды уақытылы тексертуді және түтін мұржаларын жиі тазалап тұруды ұсынды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ТЖД жолдады

15 қараша 2022, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.