Атырау, 4 наурыз 08:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Серік Шәпкенов ел дамуына үлес қосқан атыраулықтарды марапаттады

Сурет
1 340 рет қаралды

Бүгін, 15 қарашада Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерге марапат табыстады.

- Бұл - сіздердің еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін Мемлекет басшысының берген оң бағасы. Әрқашан еңбектеріңіз жана берсін. Бұдан да биік белестерді бағындыруға тілекшімін,-деді С. Шәпкенов.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Сатыбалдиева Меңдіғаным Насифоллақызы – Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің бастауыш оқытудың педагогика мен әдістемесі пәндері оқытушысы марапатталды. 

ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғандар: 

Сабыров Ризабек – Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі; 

Күмісқалиев Ерлан – «Атырау – Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; 

Қарабалиев Арман – Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы; 

Әбужанов Меллат – Атырау ҚПБ инспекторы; 

Дәулетов Болат – зейнеткер, ақын.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

15 қараша 2022, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.