Атырау, 9 сәуір 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05

Чемпион-студенттерге білім гранты табысталды

Сурет
1 410 рет қаралды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат ИДРИСОВ биыл халықаралық жарыстарда көзге түскен дене шынықтыру кафедрасының студенттеріне осы оқу орнының грантын табыс етті.

Бұлар - UWW грэпплингтен Испанияда әлем чемпионы атанған Қаршыға ӘБДІРАХЫМ; каратеден Чехияда өткен әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алған Нұрбек КЕНЖЕБАЙ. Енді олар АМУ-да тегін оқитын болады. Сондай-ақ самбодан Арменияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Аңсаған ҚАЗБЕК пен Аружан ЖАНДАРБАЙҒА құрмет көрсетті.

- Құрметті студенттер, Қазақстанның туын желбіретіп, алдағы додаларда да білім мен тәжірибені ұштастыра үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерден көріне беріңіздер, - деді С.Идрисов. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

16 қараша 2022, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.