Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында атыраулық самбошы Қайырберді АЙДЫНБАЙ күміс жүлдеге ие болды.
Дүбірлі додаға әлемнің 50 елінің спортшылары бақ сынады. Жерлесіміз 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан, Жапония және Өзбекстан елдерінің спортшыларын ұтты. Ал ақтық сында ресейлік спортшыға есе жіберді.
- Бұл чемпионатқа біз сегіз ай көлемінде дайындалдық. Ендігі кезектегі мақсатым – әлем чемпионы болу, - деді Қ.Айдынбай.
Айта кету керек, ол - Ливанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті ӨКҚ жолдады