Атырау, 29 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Облыстық перзентханаға жаңа басшы тағайындалды

1 043 просмотра

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар САДУОВА облыстық перинаталдық орталығының жаңа басшысы Қазбек ЕРМАҒАМБЕТОВТЫ ұжымға таныстырды. 

Қ.Ермағамбетов 1982 жылы Гурьев, қазіргі Атырау қаласында туған. Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде білім алып, интернатура мен резидентураны «дәрігер акушер-гинеколог» мамандығы бойынша бітірген.

2008-2016 жылдары облыстық перзентхананың дәрігер акушер-гинекологы, 2016 жылы Денсаулық сақтау басқармасында бас маман, 2017 жылы облыстық перзентхананың босандыру бөлімшесінің меңгерушісі, 2018-2019 жылдары директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары, 2021 жылы директордың міндетін атқарушы, күні бүгінге дейін директордың орынбасары қызметінде болды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынды

15 қараша 2022, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.