Атырау, 3 қазан 22:25
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Оралдағы жанармай құю бекеттерінде газ тапшы

597 просмотра

Оралда кейбір жанармай құю бекеттерінде газ тек талонмен берілуіне байланысты кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Мой город".

Мұндай жағдай 14 қарашада байқалған. Газды шағын станциялардан табуға болады, бірақ ұзын-сонар кезекте тұруға тура келген.

"2 қарашадағы жағдай бойынша жанармай құю бекеттеріндегі қалдық 180 тонна болып отыр. Бекітілген жоспар аясында облыстың ішкі нарығына қарашаға сұйытылған мұнай газын жеткізу мөлшері - 3438 тонна. Алайда 26 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауыты Энергетика министрлігіне қарашаға жоспарланған газ өндірісінің қысқарғаны туралы хабардар етті. Осыған байланысты сатып алушылар үшін жеткізу жоспары аясындағы көлем біркелкі 35 пайызға қысқарады", - деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мейіржан Нұртазиев.

Қарашада облысқа 2235 тонна газ беру жоспарланып отырғаны атап өтілді. Нұртазиевтің айтуынша, Энергетика министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаздан" қосымша 504 тонна бөлген.

15 қараша 2022, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.