Атырау, 3 қазан 22:17
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қытайға баратын қазақстандықтар үшін талап өзгерді

1 079 просмотра

Қытай Қазақстаннан келетін жолаушылар үшін талапты өзгертті, деп хабарлады Sputnik Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Эпидемияны қадағалау мақсатында Қытай елшілігі мен Қазақстандағы бас консулдық "HS" немесе "HDC" денсаулық кодын алу талаптарын енгізеді", - делінген хабарламада.

Қытайға баратын жолаушылар ұшқанға дейін 48 сағат ішінде Қазақстанда ресми тіркелген зертханаларда ПТР сынақтан өтуге тиіс.

Қажетті құжаттарды және ПТР тестінің нәтижесін бірге жүктеп, содан кейін денсаулық кодына тапсырыс беру керек.

"Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы өтінішті өңдегеннен кейін жолаушыға "денсаулықтың жасыл коды" беріледі. Ұшуға тіркелу кезінде мобильді қосымша арқылы ашылған "денсаулық жасыл кодын" авиакомпания
қызметкеріне көрсетіп, оны тексертесіз", - делінген елшілік хабарламасында.

Қазақстаннан ұшып шыққан және үшінші ел арқылы транзитпен өтетін жолаушылар немесе үшінші елден шығып, Қазақстан арқылы Қытайға транзитпен өтетін жолаушылар ПТР-сынамадан өтіп, "жасыл кодты" алу үшін кез келген транзиттік немесе жөнелту пункттеріне өтініш бере алады. Жолаушылар "денсаулық кодының" жарамды немесе жарамсыз екенін Қытайға ұшпай тұрып тексеріп алуы керек.

14 қараша 2022, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.