Атырау, 22 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Каспий жағалауында итбалықтардың қырылуына газдың тарауы себеп болуы мүмкін

821 рет қаралды

Каспий теңізі жағалауында 141 итбалықтың қырылуына күкіртсутектің тарауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр 7 қарашада Каспий теңізі жағасынан 141 итбалықтың өлексесі табылғанын айтты. Шұғыл шара қабылдау үшін мемлекеттік органдар өкілдерінен комиссия құрылды. Жануарлардың қырылу себебін анықтау үшін сынама алынды.

"Итбалықтардың қырылуына ауаға күкіртсутектің таралуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Сіздер білесіздер, итбалықтар оттегі жұту үшін су бетіне шығып, кейін қайта су астына кетеді. Бәлкім, газ тарап, итбалықтардың өлуіне
әсер еткен болуы мүмкін", - деді Брекешев мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Сараптама нәтижесі бір ай ішінде дайын болады.

Министрдің мәліметінше, қазір Каспийде 300 мыңнан астам итбалық бар.

14 қараша 2022, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.