23 қазан мен 13 қараша аралығында Словения президентін сайлау өтті. Екі тур дегенде біткен бәсекеде ешқандай партияға мүше емес адвокат Наташа Пирц Мусар жеңіп шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews-ті сілтей отырып.
Пирц Мусарға сайлауға барғандардың 54%-ы, ал оның қарсыласы, СІМ-нің бұрынғы басшысы Анже Логара 46%-ы берген. Сайлауға дауыс беру құқығы бар жұрттың 44,08%-ы қатысқан.
Жаңа президент ендігі қызметіне 23 желтоқсанда кіріспек.
54 жастағы Пирц Мусар – Словенияның бірінші әйел президенті. Ол елдің басқару формасы – парламенттік мемлекет, яғни биліктің басым бөлігі депутаттардың қолында.
Словенияның жаңа басшысы бұрын журналист, БАҚ еркіндігі саласындағы омбудсмен болған. Адвокат болғанда көбінде жеке өмір қауіпсіздігі мен ақпаратқа емін-еркін қол жеткізу істерін қараған.