Атырау, 24 қараша 06:16
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ыстамбұлдағы жарылысқа Күрдістан жұмысшы партиясы кінәлі екені анықталды

1 062 просмотра

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістанның жұмысшы партиясы (КЖП) тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме беріп.

Бұл туралы ІІМ басшысы TRT Haber телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

"Біздің қорытындыларымызға сәйкес, қайғылы жағдайға КЖП террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам ұсталған. Жарылғыш зат тастаған адам қамауға алынды. Елге үлкен азап әкелгендерді еселеп жазалаймыз", – деді Сойлу.

БАҚ қызметін бақылайтын Түркияның жоғарғы радио және теледидар кеңесі жарылыс пен оның салдарын жариялауға уақытша шектеулер енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қарашада Ыстамбұлдың орталығындағы Истиклял көшесінде (Бейоглу ауданындағы Таксим алаңының жанында) үлкен жарылыс орын алды.  81 адам жарақат алып, 6 адам мерт болды.

14 қараша 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.