Атырауда 13 қараша күні сағат 15 шамасында қала маңындағы Теңдік ауылының маңындағы екінші дәрежелі жолмен келе жатқан №53 бағыттағы жолаушылар автобусының 53 жастағы жүргізушісі ВАЗ-2114 көлігіне жол бермей, онымен соқтығысқан, содан кейін электр бағанасына соққан.
Автобустағы бірнеше жолаушы ауыр жарақат алмаған және полиция келгенше оқиға орнынан кетіп қалған. Ал көлік жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА