13-14 қарашаға қараған түні Атырау қаласында Бірлік шағын ауданындағы №18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алып, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен жойылды, деп хабарлайды облыс әкімдінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, вокзал маңы шағын аудандары электр қуатынсыз қалып отыр. Жағдай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша "Атырау Жарық" АҚ және қалалық әкімдіктің авариялық қызметтері авариялық жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 14 қараша күні таңертең Привокзальный шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді.