Атырау, 2 мамыр 09:57
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды

553 просмотра

Елімізде жыл сайын 45 мың тонна балық ауланады. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар былтыр 15 мың тоннаға жуық балық өсірілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 5,5 есе жоғары», - деді С. Брекешев.

Оның айтуынша, Қазақстанға шамамен 41 мың тонна мұхит пен теңіз балық түрлері әкелінеді.

«Бұдан бөлек, жыл сайын 25 мың тоннаға жуық балық және балық өнімдері экспортталады. Оның негізгі үлесі терең өңделген өнім. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті. Негізгі міндет - балықтың ішкі нарықтағы үлесін арттыру, сондай-ақ теңізде балық аулауды игеру әрі тауарлық балық өсіру шаруашылығын дамыту есебінен экспорттық әлеуетті одан әрі ұлғайту және біртіндеп импортты алмастыру», - деді министр.

14 қараша 2022, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.