Атырау, 22 желтоқсан 07:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ыстамбұлдағы жарылыс: күдікті қамауға алынды

910 рет қаралды

Ыстамбұлда жарылғыш заты бар пакетті қаланың туристік орталығында, Истикляль көшесінде қалдырған әйелді полиция ұстады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұсталған әйелдің күрд террористік ұйымдарына қатысы бары анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін Түрік бұқаралық ақпарат құралы Ыстамбұлдағы жарылысқа кінәлі болуы мүмкін әйелдің суретін жариялаған болатын. Басылым суреттегі әйелдің Ыстамбұлдағы жарылысқа қатысы болуы мүмкін екенін жазған.

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.

Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.

14 қараша 2022, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.