Атырау, 29 қараша 02:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Еуроодақ елшісі: «Қазақстан бұдан да жақсы нәрсеге лайық»

1 047 просмотра

12 елдің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің өкілдік делегациясы Атырау облысына екі күнге келді. Меймандар өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау, мүмкін болатын жобалар мен инвестициялар аясында өңіріміздің қажеттіліктерімен танысу үшін осында болды. Екінші күннің соңында «АЖ» Еуропалық Одақтың ҚР-дағы елшісі Кестутис ЯНКАУСКАСПЕН әңгімелескен еді.

ЕО өкілдігінің басшысы Еуроодақ елдерінің елшілері облыс басшылығымен, кәсіпкерлермен кездесіп, қаланы аралағанын, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андре Карстенс Якобус Херманус бұл жерден елдің құрметті консулдығын ашқанын айтты. Мәртебелі қонақтар өлкетану музейінде болып, мұнай-газ саласының, сервистік компаниялардың, экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен танысты, екі континентті – Еуропа мен Азияны байланыстыратын облыс пен қаланың қалай және немен өмір сүретінін жақсырақ білуге тырысты. Осы құрлықтарды жалғайтын көпірдің екі шетінде суретке түсті.

Кестутис Янкаустың айтуынша, биыл «қаңтар оқиғасына», ел басшылығы қазір жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформаларға, Украинадағы соғысқа, барлық оқиғаларға байланысты Еуропалық Одақ пен Орталық Азия, ең алдымен Қазақстан бір біріне жақындай түскен.

– Жақында Қазақстанға Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель келді, келесі аптада Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллдің сапары күтілуде. Біздің елдеріміздің арасындағы қашықтық, меніңше, қысқарған сияқты. Бұл бір-бірімізді тануға берілген мүмкіндік. Еуроодақ қазір Қазақстанның негізгі сауда серіктесі және мұндағы басты инвестор – біз осы ұстанымды сақтап, оны одан әрі дамытуымыз керек. Қазақстанда пайдалы қазбалар бар, жаңартылатын энергия ресурстары саласында үлкен әлеует бар. Ал Еуроодақтың 27 елінде қазып алып қана қоймай, заманауи технологияларды қолданып, кәсіпорындар салу үшін болашақтың технологиялары өте көп. Сол кезде сіздер технологиялық өнімді ЕО нарығына ғана емес, бүкіл әлемге экспорттай аласыздар, - деп атап өтті Кестутис Янкаус.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

 

12 қараша 2022, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.