Атырау, 29 қараша 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда көпбалалы аналар марапатталды

1 258 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 11 ананы «Алтын алқамен», 49 ананы «Күміс алқамен» марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰҚАНОВ құттықтап, оларға Алтын және Күміс алқалар табыстады.  - Сіздерді біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесі деп білеміз. Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді, - деді Н. Ермұханов.

Айта кетейік, «Алтын алқа» марапаты жыл сайын жеті және одан да көп, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

12 қараша 2022, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.