Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан ӘУБӘКІРОВ мәлім етті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, үйлерді қысқа дайындау жұмыстары мамыр айында басталған.
- Орталықтанған жылу жүйесінен жылу алатын 1031 тұрғын үй қысқа дайындалды. Одан басқа қала бойынша жеке қазандықтар бар. «Атырау Су Арнасы» КМК қазанынан 14 пәтер, жеке қазандардан 69 пәтер және «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нен 39 пәтер жылумен қамтамасыз етіліп отыр, - деп нақтылады Т.Әубәкіров.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ вице-президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВ жылу беру маусымы басталмастан бұрын толықтай жөндеу жұмыстары өткенін айтты. Енді ТКШ бөлімінің және «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның мамандары өздеріне қарасты тұрғын үйлерді үнемі бақылауда ұстап отырады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған сурет