Атырау, 3 мамыр 04:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Тұрмысы төмен отбасының балаларына арнайы мектептерде оқуға квота бөлінеді

907 просмотра

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына "БИЛ", "Дарын" және мамандандырылған мектептерде оқу үшін жыл сайын 15% квота бөлінеді. Бұйрыққа оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.

"Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді. Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша "БИЛ",
"Дарын" және т.б. мектептерге оқуға түсе алады", - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер менжоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталар енгізілген болатын.  Сол шешімнің арқасында мыңдаған бала оқуға түсті.

Айта кетері, биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.

11 қараша 2022, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.