Атырау, 2 мамыр 20:59
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Министрлік "Қазақстанның Ресейге көмегі" туралы мәлімдемеге жауап берді

879 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Украина барлау қызметінің өкілі Вадим Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқанын айтты.

"Қазақстан мен Өзбекстан сияқты елдер Ресейге зымырандар жасауға қажетті америкалық және жапониялық азаматтық компоненттерді сату арқылы санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр", - деп келтірді Скибицкийдің сөзін БАҚ.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Tengrinews.kz тілшісі сауалына жауап беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ресейге зымыран жасау үшін қажетті америкалық және жапониялық компоненттерді сату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бұл ретте, Қазақстан үкіметі 2023 жылдың 23 тамызына дейін әскери/қос мақсаттағы өнімдер экспорты/реэкспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын айта кету керек", - деді ведомство өкілдері.

10 қараша 2022, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.