Атырау, 29 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шаруагерлер бюджеттен көбірек қолдау күтеді

Сурет
1 078 просмотра

Төрт түлік малға жем-шөп дайындауға мемлекеттік субсидиялар бөлінді, алайда Атырау облысының шаруалары бұл жетпей жатыр деп дабыл қағуда. Шаруалар тобы осы проблема туралы Ақорда сайтына шағымын жолдап та үлгерген.

Шаруа қожалықтары басшыларының айтуынша, мал азығын дайындау кезінде көп шығынға батып жатады, жанар, жағармай, босалқы бөлшектер, одан қалса техника жалдау өте қымбатқа түседі.

- Облыстық мәслихат депутаттарымен екі рет, 7 маусым мен 18 шілдеде кездесіп, жем-шөп дайындауға 2 млрд 500 млн теңге субсидия қажеттігін айтқанбыз. Бүгінде облыстық бюджеттен 700 млн теңгедей бөлінгені шаруаларды ашындырып отыр. Бұл кімге жетеді? Жалпы ауыл шаруашылығы саласына дұрыс көңіл бөлмейінше, бұл сала ілгерілмейді, - дейді «SHOPAN ATA» ҚҰМӨҚ Атырау облысы филиалы директоры Ғазиз ҒАБДУЛЛИН.  

- Осы жылдың маусымында 717 млн теңге ғана бөлінді. Қазір 218 шаруашылық иесінің өтінімі бойынша қосымша қаржы бөлу қаралып жатыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат ӨТЕҒҰЛОВ.

- Шаруагерлер субсидия қаржысына қолымыз жетпей қала ма деп алаңдаулы.

- Жалпы желтоқсанның 20-сына дейін өтінім қабылданады. Жетпеген субсидия қаржысы биыл бөлініп беріледі, бұған алаңдаудың еш қажеті жоқ.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

10 қараша 2022, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.