Атырау, 29 қараша 02:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

"Мемлекеттік Тудың белгісі" бар тұлпар: әлеуметтік желіде неге шу шықты

1 886 просмотра

Құманғазы ауданында зейнеткерлік жасына жеткен аудандық мәслихат депутатына құрмет көрсетілді. Әлеуметтік желіде жарияланған суретте ол өзіне сыйға тартылған аттың үстінде отыр. Аттың жабуында ҚР мемлекеттік Туының белгілі бір элементтері бар. Депутаттың беделін түсірмей, көбі бұл жағдайды құптамады. 

Кейін әкімдік әлеуметтік желіде бұл жағдайға қатысты қысқаша түсінік берген. Ал баспасөз қызметіне жүгінген "АЖ"-ға толық ақпарат берілді: "2022 жылғы 7 қараша күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші  ауылдық округінде аудандық мәслихат депутатының зейнеткерлік жасқа толуына орай қоғамдық ұйым - ардагерлер кеңесінің тарапынан шара ұйымдастырылған. Аталған шарада мерейгерге қоғамдық ұйым - ардагерлер кеңесі атынан сыйға тартылған ат жабуындағы Мемлекеттік Туымыздың белігілі бір элементтері теріс қолданылуда екені әлеуметтік желіде талқыға салынған. Ат жабуы арнайы дүкеннен алынған және республикалық масштабта өтетін үлкен шараларда, бәйге, көкпарларда ұлтымыздың нышаны ретінде қолданылып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану қағидаларын» негізге ала отырып, бұл жағдайда мемлекеттік рәміздерді теріс қолдану дерегі анықталмағаны және Ту элементтері ат әбзеліне нақыш ретінде салынғаны жөнінде түсіндірме береміз".

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

 

 

10 қараша 2022, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.