Атырау, 24 қараша 06:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстан кемінде $1 млн инвестиция салған шетелдікке азаматтық бере бастайды

1 156 просмотра

Өзбекстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға кем дегенде 1 миллион доллар салған жеке тұлға азаматтықты жеңілдікпен алуы мүмкін, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын 8-23 қараша аралығында қоғам талқылайды.

Заң жобасы мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді.

Қазір азаматтықты шетелде тұратын этникалық өзбек немесе Өзбекстанда кемінде бір туысы бар азаматтығы жоқ тұлға ала алады. Өзбек азаматтығын алғысы келетін адам ел Конституциясын сақтап, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Енді осындай жеңілдікке республика экономикасына инвестиция салған шетел азаматы да ие болуы мүмкін.

9 қараша 2022, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.