Атырау, 27 маусым 07:31
 дождьВ Атырау +20
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қостанай облысында жоғалып кеткен «Қазпошта» қызметкерінің денесі табылды

1 435 рет қаралды

Қарашаның 9-ы күні полиция қызметкерлері жоғалып кеткен Қарабалық ауданының тұрғыны, Қазпошта қызметкері Галина Галкинаның денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.          

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның түсіндіруінше, мәйіт 15:00-де далада жүргізілген іздестіру шаралары кезінде табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бойжеткен 3 қарашада жоғалып кеткен. Анасы сол күні арызбен полицияға барған. Одан кейін «10-аймақ» жедел-іздестіру жасағы іздеуге кірісті.

9 қараша 2022, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.