Атырау, 4 қазан 00:25
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады

1 097 просмотра

18 қазанда Қызылорда және Арал қалаларында ҰҚК «А» қызметінің тартылуымен және прокуратураның көмегімен арнайы операция жүргізілді. Ведомствоның баспасөз қызметінде атап өтілгендей, жалпы комитет облыстық ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап тұрған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар, деп жазады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.


Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады.

Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

9 қараша 2022, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.