Атырау, 4 қазан 00:20
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Мәжілістің жаңа депутаты Дмитрий Легкий ант берді

760 просмотра

Жуырда ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелген Дмитрий Легкий ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Арамызға жаңа депутат қосылды. Қазақстан халықтық партиясына сайлау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Мәжіліс депутаты Дмитрий Максимович Легкий тіркелді", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Ант қабылдау кезінде бір оқиға болды – Легкий Конституцияға қолын қоюды ұмытып кетті. Ол бірнеше секунд сөйлегеннен кейін қолын кітапқа қойды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Дмитрий Легкий.

Қошанов жаңа депутатты құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесі бойынша Легкий Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді.


9 қараша 2022, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.