Атырау, 4 қазан 00:31
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

​Алматыда екі автобус соқтығысты

Бейнежазба
1 170 просмотра

Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды. 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полицияға сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 98 және 201-ші бағыттағы қоғамдық көліктер соқтығысқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан екі автобустың саябақ аймағына кіріп кеткенін анық көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, 201-ші бағыттағы автобус екінші қоғамдық көлікті бүйірінен соққан. Сосын инерциямен жолдың жиегінде тұрған адамдарды басып өткен. Құтқарушылар автобустың астынан бір адамның денесін алып шықты.

Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.

Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.


8 қараша 2022, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.