Атыраулық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде есірткі өнімдері мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтаған үш ер адамды ұстады.
Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 20 келі бекіре тұқымдас балық және есірткілік заттар табылған. Бұдан бөлек, күдіктілердің бірінің гаражынан 5 моторлы қайық пен тіркелмеген 16-калибрлі екі ұңғылы мылтық табылды.
Ұсталған үш адамға қатысты бұлтартпау ҚР Қылмыстық кодекстінің 339-бабы және 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған бейнежазба