Атырау, 29 қараша 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тоқаев: Жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады​

753 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде екенін атап өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. 

«Үшінші. Облыстың инфрақұрылымын жақсарту қажет. Автокөлік жолдарының сапасы халықтың тұрмысына және экономикаға тікелей әсер етеді. Бұл сала Атырау облысында ақсап тұр. Жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде. Мұны төмен көрсеткіш деуге болады.

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да жақсы емес. «Атырау – Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Үкімет оны уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады», - деді Тоқаев.

8 қараша 2022, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.