Атырау, 26 сәуір 23:44
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда Ғафиз Есімовтің шығармашылық кеші өтті

Сурет
1 420 просмотра

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Атырау облысының Құрметті азаматы Ғафиз Есімовтің 75 жыл толуына орай шығармашылық кеші өтті.

Ғафиз Есімовтың шәкірттері қазақ және шетел композиторларының әндері мен шығармаларын Қ.Ахмедияров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрінің сүйемелеуінде орындады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер де шырқалды.

Кеш соңында Ғафиз Есімов көрермендерге өз ықыласын білдірді: 

- Бүгін сіздермен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Өнер жолымдағы ізбасарларым мен шәкірттерімнің орындаған әндері ерекше әсер сыйлады. Барлық көрерменіме және жас талант иелеріне алғысымды айтамын.


Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

8 қараша 2022, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.