Атырау, 17 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Иран Қазақстан азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізді

593 просмотра

Қазақстан азаматтары жарты жылда бір рет Иранға визасыз бара алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы брифингіде мәлім етті.

Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді, бұл біздің азаматтарымызға Иранның аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай мен Үндістанның азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді. Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

8 қараша 2022, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.