Бүгін, 3 қарашада медицина қызметкерлеріне 20 жедел жәрдем көлігінің кілті табыс етілді. Бейбарыс алаңында өткен салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ қатысып: «Облыстың жедел жәрдем қызметіне жаңа көліктердің толығуы – денсаулық сақтау саласына үлесі зор әрі қызметтің жеделдігін артырады» деді.
Фельдшер Жандос ҚУАНЫШЕВ:
- Бұған дейін де көлік тапшылығы болған жоқ. Бірақ шақыртуға шыққан кезде жүргізушілер үзіліске кеткен бригаданың көлігін кезектесіп жүргізетін еді. Яғни жедел жәрдем көлігі 24 сағат бойы дамылсыз жүріп, бұл олардың тез ескіруіне алып келетін. Енді жоспарлы жөндеуден өткізіп тұруға мүмкіндік бар, - деді.
Заманауи жедел жәрдем көліктері барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор