Атырау, 21 қараша 22:35
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырауда Жайық өзенінің жағалауында «Мұнайшылар даңқы» аллеясы бой көтерді⠀

Сурет
2 075 просмотра

Бұл оқиға «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Ауданы 6 300 шаршы метр аллеяның басты компоненті - мұнай мен табиғи газдың жалынын бейнелейтін тамшы үлгісіндегі сәулет-мүсіндік композиция.

Аймақтың тарихы мен өзіндік ерекшелігін ашатын бірнеше тақырыптық композициядан тұратын барельефте Ембі мұнайшыларының - Социалистік Еңбек ерлері мен Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының есімдері жазылған ескерткіш тақта орнатылған. Ембі кен орындарының саны 47 колоннада көрсетілген.


- Атырау - мұнайлы астана мәртебесіне ие болғанына қарамастан, қалада ел экономикасына үлкен үлес қосқан мұнайшылардың еселі еңбегін айшықтайтын белгі жоқ. Сондықтан, «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдығы қарсаңында осы  аллеяны  салу туралы шешім қабылданды. Аллея мәдени мұраның бір бөлігі ғана емес, «Ембімұнайгаздың» бай тарихын мәңгілікке қалдыратын естелік, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны болады деп сенемін, - деді ашылу салтанатында «Ембімұнайгаз»  АҚ Бас директоры Есен ҚАЙЫРЖАН.

Аллеяның аумағында төрт балалар ойын алаңы мен демалуға арналған орындықтар орнатылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ӨКҚ жолдады

3 қараша 2022, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.