1 қарашада кешкісін Құрманғазы ауданында Шарон өзенінен қолдан жасалған қайықпен өтпекші болған 53 жастағы Орлы ауылының тұрғыны қайығы аударылып, батып кетті.
ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 қарашада сағат 19-да дене судан табылып, шығарылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ТЖД жолдаған суреттер