Атырау, 22 қараша 01:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мұндай үнемнің қажеті жоқ: «Қазақстан аруы-2022» байқауында Жанел Мырзатаева Атырау намысын қорғайды

Сурет
2 006 просмотра


18 қарашада Алматыдағы Республика сарайында сұлулық байқауы өтіп, қазылар алқасы еліміздің бас аруын таңдайды. «Қазақстан аруы-2022» республикалық байқауының жаңа форматына байланысты бұрынғыдай барлық өңір ұсынылмайды.

Бұл жолы финалға шығатындарды іріктеу онлайн режимде өтті. Бейнебайланыс арқылы өңірлік байқауларда жеңімпаз атанған қыздар қазылар алқасының мүшелерін тек сыртқы келбетімен ғана емес, өздері туралы түсінікті, парасатты әңгімелерімен де таң қалдыруы керек. Бұл кезеңнің нәтижесінде Петропавл, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Орал, Талдықорған және Ақтау қаласының арулары жарыс жолынан шықты. «Ақтау аруы» Жанна ҚҰБЫШЕВАНЫҢ пікірінше, олардың өтпеуі байқаудың негізгі мәнісіне, яғни 2022 жылы Қазақстанның әр өңірінен ең сұлу қызды таңдау үрдісіне қайшы келеді.

Ал «Атырау аруы» - Атырау МжГИ студенті, 18 жастағы Жанель МЫРЗАТАЕВА үшін бұл кезең сәтті өтіп, ол финалға қатысады.

«Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының Атыраудағы филиалының президенті Вероника КОШМАНОВАНЫҢ пікірінше, байқау әділ өтіп жатыр, бірақ, жарыстан шығып қалған қыздар әділқазылармен онлайн-әңгімелесу байқаудың бір бөлігі екенін толық түсінбеген шығар.

– Иә, биыл біраз өзгеріс болды, ол тек осы онлайн кезеңнен тұрады. Керісінше, қыздардың жол жүруіне, тұруына, тамағынан үнемдегені жақсы... Бұл қандай шығын екенін білесіз бе: бірнеше көйлек пен туфлилер, макияж, шаш үлгілері ... Осының бәрін арқалап барғанда, жарқырап көрінбестен, әлдебір кезеңде шығып қалса, нағыз қиыны сол болар еді, - деп есептейді В.Кошманова, - Былайынша, бұл - үнем.

Ал, біздің Жанель финалға дайындалып жатыр. Біз оған сәттілік тілейміз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

«Vero Modelz» модельдік агенттігі ұсынған суреттер

2 қараша 2022, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.