Атырау, 22 қараша 00:39
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Жылыойлық Нұрсипат – америкалық дипломды болашақ нейрохирург

Сурет
2 029 просмотра

Жылыой ауданының 17 жастағы тумасы Нұрсипат НҰРМАНБЕТОВА әлемнің беделді 15 университетінен шақырту алып, АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Пейс университетінің «нейрохирургия» мамандығы бойынша медицина факультетін таңдады. Ол кампуста тегін тұруға арналған грантпен оқиды және шәкіртақы алады, - деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрсипат - Далабай Жазықбаев атындағы №16 орта мектептің түлегі. Оқушы кезінен көзге түскен Нұрсипат туралы «Ең үздік» журналында мақала жарияланып, «Дарындының дара жолы» кітабында өмірбаяндық деректері жазылған.

- Бүгінде әлеуметтік желіде отандық медицина жиі сынға алынады. Әрине, еліміздегі медицина мәселелері әлі де өзекті, білікті мамандар тапшы. Бірақ барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ мамандық ретінде осы саланы таңдадым. Мен жақсы білім мен тәжірибе алу үшін шетелде оқуға шешім қабылдадым. Оқуым аяқталғасын туған жеріме ораламын. Болашақта жеке клиника ашып, дұрыс диагноз қоя алатын, сапалы ем жүргізе алатын білікті маман болғым келеді, – дейді Нұрсипат.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

22 қазан 2022, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.