Атырау, 25 сәуір 02:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Бізді Қазақстанда құшақ жая қарсы алды»: Ресейліктер риза болды

864 просмотра

21 қыркүйектен бері Қазақстанға құрлық шекарасы арқылы 200 мыңнан астам ресейлік келген. Олардың кейбіреулері үшін ел транзиттік аймаққа айналғанымен, қалуды шешкендер де жоқ емес. Ресейліктер қазақтардың қалай қарсы алғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

Сергей (аты өзгертілген) 26 қыркүйекте Қазақстанға жолға шыққан. Қыркүйектің 27-нен 28-іне қараған түні Ресейдің Орынборы мен Қазақстанның Ақтөбе қаласы арасындағы Сағарчын бекеті арқылы жаяу шекарадан өткен. Ол үшін ең қиыны ресейлік емес, Қазақстан шекарасына бейтарап аймақ арқылы өту кезегі болған екен.

“Бұл кезде өте суық болды. Бәріміз шаршап, шалдықтық. Кейін шекараға дейін жүктерімізбен бірге жеткізетін таксист іздей бастадық. Сөйтсек бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ екен. Қазақтардың өзі белгілі бір суммаға адамдарды тасып жатты. Біз бұл өте ыңғайлы болды. Осылайша кезекте тұрған кезде де тоңбай жылы жерде отрдық. Шекараға келген кезде ол жерде еріктілер бізге тегін тамақ пен су таратты. Кейін ресейліктердің ағымынан пәтерлер құны да өсіп, қонақ үйлердің өзінде орын болмаған кезде еріктілер тегін түнейтін орын тауып беріп, адамдарды тамақтандырып, алға жоспар құруға мүмкіндік жасады. ”,- деді Сергей. 

Сергей Ақтөбеден Астанаға баруды көздеген. Ол әуе билеті болмағандықтан автобуспен жолға шығуды ұғарған. Сөзінше тіпті қазақтар оны автовокзалға дейін тегін жеткізіп салған.

“Таксист қызық адам болып шықты. Ол маған бірнеше адамның өмірін қиған ұры екенін айтып, заңнан қашып таксисттің кейпінде жүргенін жеткізді. Әрине мен оның айтқандарының шын, өтірігін білмедім. Бірақ оның пышағы болды және түр сипатында жарақаттың іздері байқалды”,- деп қосты Сергей.

Сергей бұған қарамастан жүргізушінің жағымды адам екенін айтты. Ол оған ресейліктерге әрқашан есік ашық екенін айтып, жергілікті қыз-келіншектерден абай болуға шақырыпты.

"Мен қазақтар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Бізге кезіккендердің барлығы тамаша адамдар болды. Кейін өтк жомарт әйел маған толықтай жақсы сомаға пәтерін жалға берді. Ол сонымен қоса 90 күн елде тұруға рұқсат алуға көмектесті. Барлығы үшін алғыс айтамын. Мен ешқашан жақтырмаушылық пен бөтенсу көзқарастарын кезіктірмедім", - деді ол.

Сергей кезіккендердің жақсы қарым-қатынас көрсеткеніне ризашлығын білдірді.

“Біз кейін достарымызбен түңгі клубқа бардық. Әрине ол жерде жергілікті емес екеніміз көрініп тұрды. Дегенмен, ешкім бізді шеттетпеді. Керісінше жанымызға келіп біздің елде не болып жатқанын білді. Тек Қазақстанды сыйлауымызды сұрады. Меніңше, мұнда тұрған ештеңе жоқ”,- деп қорытты Сергей.

“Бұл Қазақстан үшін экономикаға тиімді”

Игорь екі досымен бірге 24 қыркүйекте Троицк бекетіндегі құрлық шекарасы арқылы Қостанайға келген. 

“Біз келген сәтте қонақ үйлер де орын да, пәтерлер де, өзге қалаларға билеттер де болмады. Бізге еріктілер қол ұшын созып жергілікті тұрғынның үйіне тегін түнедік. Біз ол жігітке ақысын беріп ұсынғанымызда алмады. Пәтеріне түнеткен жігіт келесі күні Астанаға апаратын көлікті тауып берді. 

Игорь Астанаға дейінгі сегіз сағаттық ұзақ жолда достарымен бірге көлік жүргізушісімен жақсы тансып алғанын айтты.

“Көлік жүргізушісі халықтың көп келуіне байланысты тұрғын үй бағасының, түрлі қызметтердің бағасы өсіп, дәмханаларда, сауда орталықтарында, дүкендерде, таксилерге сұраныстың артқанын айтты. Қазақстан әлі де ең бай ел болмағандықтан, бұның экономикаға тиімді екенін айтты. Ол ресейліктермен қақтығыстардың болмағанын, халықтың әркез жақсы қабылдайтынын айтты",- деді Игорь.

Жүргізуші Иорьға тек мәселе оңтүстік жақта болуы мүмкін екенін айтқан екен.

“Қазақстанда халықтың көп бөлігі орысша сөйлегенімен оңтүстік жақта қазақыланған тек қазақша сөйлеп, соны талап ететін ұлтшыл адамдардың бар екенін айтты. Олар тіпті елдегі қазақша білмейтіндердің өзін аса жақтыра қоймаса керек”,- деп қосты Игорь.

Игорь снымен қатар қажетті құжат алуда да Қазақстан билігінің қолдау көрсеткенін атап өтті. 

“Қазір ешкім қолма қол ақшаны ұстап жүрмейтіндіктен бізге карта қажет болды. Біздің елдің картасы мұнда қабылданбайтындықтан бізге жергіліктісін аштыруға тура келді. Ол үшін біздің ЖСН керек болады екен. Осы себептен де мекемелерде ұзын-сонар кезек пайда бола бастады. Алайда билік басындағылар қосымша орталықтар ашып барынша адамдарға қызметті тез көрсетуге тырысты. Мен құжаттарымды бір жарым күннің ішінде-ақ жасатып алдым”,- деп қорытты Игорь. 

5 қазан 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.