Әлеуметтік желіде Құлсары қаласындағы «Қызғалдақ» балабақшасын бүлдіріп кеткеннен кейін түсірілген видео тарады. Полиция бұзықтарды анықтап, енді олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бейнежазбаны жүктегендер «Бұны жасаған балалар болуы әбден мүмкін. Қараңызшы жинаулы ойыншықтарды ортаға үйіп шашыпты. Столдарды төңкеріп тастаған. Ол аздай еденге бір нәрсе шашқан. Аяқты алып жүру мүмкін емес» дейді шошып, бөлмелерді аралай жүріп.
Атырау облыстық Полиция депратаменті мынадай түсінік берді: «Жылыой ауданы Құлсары қаласында балабақша ішінде орын алған құқық бұзушылық фактісіне қатысты 6-7 сыныпта оқитын 9 оқушының ата-анасы шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды».
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды