Атырау, 23 желтоқсан 12:16
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Таубаевты елордаға жазасын өтеуге алып кетті, Басаров шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді

1 487 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ әрі қарай жазасын өтеу үшін Атыраудағы тергеу изоляторынан елордалық ЕЦ-166/10 (колония-қоныс) мекемесіне ауыстырылды. Ал оның сыбайласы – облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВ әлі тергеу абақтысында отыр және этапталмас бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген.

- Иә, Басаровтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызы №2 қалалық сотқа түсті, судья әлі тағайындалған жоқ, - деп хабарлады «АЖ» тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биыл 17 мамырда сот Таубаевты пара алуда кінәлі деп танып, 10 жылға, Басаровты бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесінде (колония-қоныс) өтеу туралы үкім шығарған болатын.

Фархат АБИЛОВ

2 қазан 2022, 00:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.