Атырау, 4 мамыр 02:04
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

"Саяси астары бар деп ойламаймын": Министр ресейлік арналарды өшіру туралы

630 просмотра

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Beeline платформасынан ресейлік телеарналардың өшірілуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше бірқатар ақпарат құралы Қазақстандағы Beeline компаниясының 15 ресейлік телеарнаның трансляциясын тоқтататынын жазған еді.

«Одан хабарым бар. Жалпы бүгін Beeline компаниясының мәлімдемесі шықты. Мұның министрлікке қатысы жоқ. Себебі бұл жеке компания, кеңсесі Голландияда орналасқан. Олар өз қолданушылары мен аудиториясына талдау жүргізеді, сол арқылы дербес шешім қабылдайды. Трансляция 5 қазаннан бастап тоқтатылады деп жазған екен, бүгінгі мәлімдемесін оқыдық. Оның саяси астары бар деп ойламаймын. Beeline компаниясы өзінің қаржылық мәселелеріне, жарнама түсіміне қарайтын шығар, басқа да себептері бар шығар, және оның жеке компания екенін ұмытпау керек», - деп жауап берді министр Мәжіліс кулуарында тілшілердің сұрағына.

Сонымен бірге, Ақпарат министрі елдегі ресейлік БАҚ жұмысы жөнінде өз пікірін білдірді.

«Жалпы кез келген заңбұзушылық болса, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолданылады. Әзірге бізге еш шағым түскен жоқ», - деді Дархан Қыдырәлі.

28 қыркүйек 2022, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.