Атырау, 4 қазан 16:25
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Түркияда теракт болды, қайтыс болған адамдар бар

1 274 просмотра
Сурет: видеодан скриншот

Түркияның Мерсин қаласында жергілікті полиция ғимаратының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

MASH telegram арнасының хабарлауынша, белгісіз үш адам полиция ғимаратына қызметкерлердің атын жамылып кірмек болған. Тәртіп сақшылары оларды ұстауға әрекеттенгенде атыс басталған.

Шабуыл жасаушылардың бірі – жанкешті әйел ішінде қолдан жасалған жарылғыш заты бар көлікпен оқиға орнына кірмек болған.

Полиция оны ұстап алмақ болып, оқ жаудырғанда, снаряд жарылған. Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, оның екі сыбайласы ер адам мен әйел болған.

Біріншісі бірден қамауға алынды, екіншісі іздестіріліп жатыр.

Айтуларынша, көлікте болған жарылғыш зат қашықтан жарылған.

27 қыркүйек 2022, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.