Атырау, 21 ақпан 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Армения Қазақстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатыспайды

769 рет қаралды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты биылғы оқу-жаттығуларға қатысу мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Армения биыл Қазақстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатыспайды. Бұған себеп Армения – Әзербайжан шекарасындағы жағдай, деп жазады Infocom.

ҚР Қорғаныс министрлігі 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен "Өзара іс-қимыл-2022", "Поиск-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтетінін хабарлады.

13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қарулы қақтығыс болды. 14 қыркүйекте Армения әскери көмек сұрап ҰҚШҰ-ға жүгінді.

21 қыркүйекте аймаққа ұйымның бас хатшысы Станислав Зась бастаған ҰҚШҰ миссиясы келді.

27 қыркүйек 2022, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.