Атырау, 18 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шықты

996 просмотра
Сурет: gov.kz

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шықты. Ол алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов үкімді оқыды.

Судья жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуді тағайындау туралы шешім қабылдады.

"Сатыбалдыұлын ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры шенінен, сондай-ақ "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізілсін", - деді судья.

Еске салайық, бұған дейін прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Ал Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеген еді. 

26 қыркүйек 2022, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.