Атырау, 20 сәуір 09:13
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстандық ХҚКО-ларда ресейліктерге байланысты ұзын-сонар кезек пайда болды

933 просмотра

Шекаралас облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы ХҚКО-ларда шетелдіктердің өтінімі көбейді. Осыған байланысты күшейтілген сегіз халыққа қызмет көрсету орталығы бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ Қазақстанның шекаралас аймақтарында халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазып жатыр. Мәселен, "Мой город" басылымы Исатай-Махамбет бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына келген ресейліктер таңертең ерте жинала бастағанын жазды. Қазір кезек орталықтан алыстап бара жатқаны айтылды. Бәрі банк картасын ашуға ЖСН алуға ниетті. Ақша айырбастау орындарында да кезек байқалады.

Қостанай орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне ресейліктер ағылып жатқаны туралы тағы бір басылым – "ТоболИнфо" хабарлады. Олар да ХҚКО-ға ЖСН алуға келген. Олар басқа елге көшпес бұрын Қазақстанда біраз уақыт қалуды жоспарлағаны айтылды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі өткен аптада шетелдіктердің ХҚКО-ға өтініштері саны артқанын хабарлады. Осыған байланысты Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстарында күшейтілген ХҚКО-ларда қызмет көрсету туралы шешім қабылданған.

ЖСН алуға өтініш білдірген шетелдіктер мұны шекаралас облыстардағы және Алматы мен Астанадағы сегіз ХҚКО-да жасай алады:

  • Алматы, Жетісу ауданы, Құлагер шағынауданы, Суриков көшесі, 6а;
  • Астана, Сауран көшесі, 7;
  • Павлодар, Павлов көшесі, 48;
  • Орал, Жамбыл көшесі, 81/2;
  • Қостанай, Гашек көшесі, 14;
  • Петропавл, Әуезов көшесі, 157;
  • Көкшетау, Әуезов көшесі, 189а;
  • Ақтөбе, Сәңкібай батыр даңғылы, 249.

ЖСН алу үшін бейрезидентте жеке басын куәландыратын құжаты, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхаты, сондай-ақ өтініші болуы қажет. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі бір жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу тегін.

ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілер халыққа қызмет көрсету орталығында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Telegram боты, eGov электрон үкімет порталы арқылы және 1414 бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалу арқылы алдын ала тапсырыс бере алады.

26 қыркүйек 2022, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.