Атырау, 27 сәуір 00:06
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

940 просмотра

Қайрат Сатыбалдыұлы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру, жылыстату фактілері бойынша өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы анықталды. Ол - бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры болып табылатын 1983 жылғы Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль.

Эфенди кеден саласындағы мәселелерді шешумен, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастырумен (жылыстату) айналысқан. Осы мақсатта оған Сатыбалдыұлы шотынан ақша шешіп алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің тек бір эпизоды бойынша 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айлары аралығындағы үш күн ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының жеке шотынан 37 млрд теңге және 62 млн доллар шешіп алынған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тысқары аумақта жасырынып, қылмыстық қудалау органына келіп, жауап беруден жалтарып жүр. Оның заңға қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша сараланып, оған іздеу жарияланды.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ары қарай жүргізіле береді.

25 қыркүйек 2022, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.