Атырау, 2 қазан 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 476.71
€ 467.03
₽ 8.36

Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады

668 просмотра

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.

"Кандидат шығындарының болжамды сметасын жасалды. Ол барлық бағаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсыныстарына сәйкес жүргізілген. Шамамен шығын 10 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар теледидар, радио арқылы сөз сөйлейді, баспаларға материал жариялайды, аудитория мен көлікті жалға алады", - деді Сабила Мұстафина ОСК отырысында.

Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.

23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін кандидаттарға қойылатын талаптар жарияланған еді.

23 қыркүйек, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.