Атырау, 2 қазан 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 476.71
€ 467.03
₽ 8.36

"Шектеу қоя алмаймыз": Әшімбаев ресейліктердің үдере көшуіне қатысты пікір білдірді

712 просмотра

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдегі ішінара мобилизациядан кейін осы елдің азаматтары жаппай Қазақстанға көші жатқаны туралы халық арасында тараған ақпаратқа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әшімбаев мобилизация Ресейдің ішкі мәселесі екенін еске салып, Қазақстанның лауазымды тұлғасы ретінде пікір білдіре алмайтынын жеткізді. Алайда ресейліктер келемін десе, заңды тұрғыда бірқатар рәсім бар.

"Қазақстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Біздің арамызда келісімдер, шарттар бар. Соларға сәйкес, Ресей азаматтары біздің территориямызға келеміз десе, оларға шектеу қоюға құқығымыз жоқ. Сол себепті қазір ары қарай қалай болатынын көреміз. Осы қақтығысқа қатысып жатқан тараптар бір мәмілеге келеді деп сенеміз", - деді Әшімбаев.

Оның айтуынша, Ресей азаматы тұруға ықтиярхат алғысы келсе, мемлекеттік органдарға тиісті құжаттарын тапсыруы керек. Соның ішінде кетіп жатқан мемлекеттің келісімі де бар. Ондайда кету туралы анықтама беріледі.

"Біздің заңымызда ондай нақты тармақ бар. Егер белгілі бір елдің азаматы өз мемлекетінің келісімін алмай келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды", - деп атап өтті Әшімбаев.

Осы орайда сенат спикері "қазіргі жағдайды тиісті мемлекеттік органдар бақылауда ұстап отырғанын және тиісті мәселелердің қаралатынын" жеткізді.

22 қыркүйек, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.